WhatsApp-та ресми чат-ботты іске қосты

Коронавирус бойынша халықты ақпараттандыру үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Цифрландыру кеңсесі WhatsApp-та ресми чат-ботты іске қосты.

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Цифрландыру кеңсесі коронавирус (COVID-19) жайлы халықты ақпараттандыру үшін WhatsApp желісінде ресми чат-ботты іске қосты. Коронавирус туралы өзекті әрі шынайы ақпарат ұсынатын қызметтің бұл түрі тегін.

Денсаулық сақтау министрлігінің WhatsApp-тағы ресми арнасы арқылы ел тұрғындары аптасына 7 күн тәулігіне 24 сағат короновирус жайлы жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала алады. 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің WhatsApp чат-ботын қолдану үшін:

1) +7 705 812 69 67 нөмірін телефоныңызға сақтаңыз немесе https://wa.me/77058126967 сілтемесіне өтіңіз;

2) ақпарат алу үшін WhatsApp-та аталған нөмірге кез-келген мәтінді хабарлама жіберіңіз; 

Сонымен қатар ресми нөмір ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында www.dsm.gov.kz жарияланады.

WhatsApp-тың бас операциялық директоры Мэтт Идеманың айтуынша, осы қиын күндерде адамдар жақындарымен, достарымен байланысып, қолдау көрсету үшін WhatsApp-ты әдеттегіден көбірек қолдануда: «Біз Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігіне байланыстың жаңа тәсілін ұсына алғанымызға қуаныштымыз. Жаңа жүйе азаматтардың сауалдарына тез жауап беріп, жалпыға ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».

Ресми чат-бот WhatsApp Business API-дің ресми сервис-провайдері Infobip компаниясымен бірлесіп дайындалды. Infobip байланыс платформасын ұсынды, ал компания қызметкерлері қысқа мерзім ішінде чат-ботты әзірлеп, іске қосуға қолдау көрсетті.

Искандер Қалыбеков, Infobip компаниясының Орталық Азиядағы аймақтық директоры: «Бүгінде жауапкершілігі бар кез-келген бизнес қолда бар мүмкіндік пен инновацияны COVID-19 пандемиясына қарсы қолдану туралы ойлану керек. Қолданушыларға ыңғайлы арналар арқылы ақпаратқа қолжетімділікті ұйымдастыру мекемелер үшін негізгі қажеттіліктің бірі. Ағымдағы жағдайда ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды міндетке айналып отыр».

           Әлемнің бірқатар денсаулық сақтау министрліктері халықты коронавирус туралы ақпараттандыру үшін WhatsApp  арнасын қолданады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы, Сингапур үкіметі, Израиль мен Оңтүстік Африканың Денсаулық сақтау министрліктері, Индонезияның ақпарат және коммуникациялар министрлігі соның қатарында.

Құрметті емхана тұрғындары!

        №3 қалалық емханада халықты скринингтік тексеруден жұмыстары жүргізіліп отыр. Қант диабетін, артериалды гипертония, глаукома, сүт безі ісігін, жатыр мойын ісігін, тоқ және тік ішек ісігін анықтау үшін Сізді скринингтік тексеруден өтуге шақырамыз. 


Скрининг – бұл ауруларды немесе қауіпті факторларды ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы сау тұлғаларды алдын ала медициналық тексеруден өткізу. 

Қазақстанда скрининг тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемнің тізбесіне енгізілген.

Скрининг Сіз тіркелген медицина мекемесінде жасалынады.

Егер Сіз скринингке шақырылсаңыз – барып тексеріліңіз!

Егер Сіз Диспансерлік есепте тұрсаңыз әрі Сіздің созылмалы сырқатыңыз болса – жуық арада өз дәрігеріңізге барып тексерілуіңіз және оның кеңестерін орындауыңыз керек!


        Бұл шаралар емдеу тиімділігін арттыруға және асқыншылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Скрининг жүргізу кезінде келесі жұмыстар жүргізіледі:

  • Антропометриялық (бойы, дене салмағы, бел ауқымы) өлшемдерін жасау;
  • Артериялдық қан қысымды өлшеу.
  • 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы адамдардың көз іші қысымын өлшеу;
  • 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы адамдардың 
  • Қандағы холестерин мен глюкозаны анықтау;
  • Электрокардиография – негіздемелер бойынша;
  • Кардиологтың, эндокринологтың, офтальмологтың тексеруі – негіздемелер бойынша;
  • Созылмалы В және С гепатиті маркерлері бойынша қауіптенетін топтардағы балалардан қан анализін алу.

Бұл зерттеулер жүрек-тамыр ауруларын, сусамырды, глаукоманы және олардың туындау қауіпін, сонымен қатар гепатитттерді әлі емдеуге және инсульт, инфаркт, зағиптық, бауыр циррозы мен обыры сияқты қатты асқынуына жол бермеуге болатын кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Обырдың пайда боуына ықпал ететін патологиялық өзгерістерді болдырмау және ісіктерді ерте сатысында анықтау үшін мынадай тексерулерден өту керек:

Әйелдер:

-30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жастағы әйелдердің патологиялық өзгерістерін анықтау үшін жатыр мойынан алынған жағындыны цитологиялық зерттеуден өткізу;

- акушер-гинекологтың тексеруі, кольпоскопия-негіздемелер бойынша;

-40,42,44,46,48,50,52,54,56,58,60,62,64,66,68,70 жастағы әйелдерді сүт безін рентгенологиялық тексеруден өткізу (маммография);

- маммологтың, онкологтың тексеруі-негіздемелері бойынша;

- 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы ерлер мен әйелдер;

- жуан және  тік ішек ауруларын ерте анықтау үшін қан бойынша нәжісті тексеруден өткізу;

- хирургтың, проктологтың, гастроэнтерологтың тексеруі, жуан және тік ішектерді эндоскопиялық зерттеу- негіздемелер бойынша.

                


ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ КҮТІҢІЗ – МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТІҢІЗ!