Емхана туралы

Қызылорда қаласы, Жібек Жолы көшесі №66 орналасқан Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының №3 қалалық емханасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша тұрғызылып, 2012 жылдың 06 маусымында толық жұмыс жасауға берілді.

"№3 қалалық емхана” мемлекеттік мекеме 2013 жылдың 1 наурызындағы облыс әкімінің №31 қаулысының негізінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2013 жылдың 2 сәуіріндегі №303 бұйрығына сәйкес "№3 қалалық емхана” мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын, 2015 жылдың наурыз айынан бастап шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып қайта құрылды.
Емхана 3 қабатты 2 ғимараттан тұрады. Жалпы алаңы- 11 158 шаршы метр, оның ішінде пайдалануға тиімді алаңы – 3 001 шаршы метр. Ересектер бөлімінде 65, балалар бөлімінде 48, барлығы 113 кабинет жұмыс жасайды.
Емхана ауысымына 500 қабылдауға арналған. Заманауи үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

  Емхана заманауи үлгіде, БҰДЖС бағдарламасы бойынша тіркелген 60509 (оның ішінде балаларды қоса есептегенде) тұрғынға 6–терапиялық, 5 – педиатриялық, 23-жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймағы, 6 акушер-гинекологиялық аймақ қызмет көрсетеді.

Сәулет, Арай, Самал, Саяхат, Сырдария, Астана, Шұғыла, Ипподром, СПМК-70 мөлтек аудандары халқына 12х14=168 шаршы метр радиусында тұратын халыққа медициналық көмек көрсетеді.
1 935