"Арай" бастауыш партия ұйымы ПРАЙМЕРИЗ – ПАЙЫМ МЕН ПАРАСАТ


         «Nur Otan» партиясы мүшелерінің құрамын еліміздің болашағын шынайы ойлайтын және Қазақстанның өркендеуіне өз үлесін қосуға дайын, жүрегі отансүйгіштік сезімге толы азаматтардан құру жұмысы жақын арада басталмақ.
         Праймериз- алдын ала партияішілік, яғни мыңнан бірін, жүзден жүйрігін іріктеп, дауысқа салып анықтайтын іріктеу.
         Праймериз ережелері әйелдер мен жастарға арналған квоталарды есепке ала отырып бекітілді. Соған сәйкес жас буынның көпшілік алдында өзін-өзі көрсетуіне, білімінің деңгейін арттыруға, халыққа көмек көрсетуде өзінің елеулі үлесін қосуына  үлкен мүмкіндіктер жасалды.
         Сондықтан елімізді дамыту, гүлдендіру мақсатында алдағы праймеризге бей-жай қарамайтын және креативті қазақстандықтардың белсенді қатысуы өте маңызды.
       Сол мақсатқа жету жолында Праймериздің өткізілуі ел игілігін еселеуге септігін тигізері сөзсіз.
23 маусым 2020 ж. 19