Баланың даму бөлмесі

№3 қалалық емханадағы баланың даму бөлмесі кеңес және білім беру жұмысы бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және үйлестіруші рөл атқарады.  Баланың  даму кабинетінің  негізгі міндеті балалар денсаулығын қорғау бойынша алдын-алу іс-шараларын жүргізу, дені сау және науқас баланы күту, тамақтандыру. Дене және психологиялық әлеуметтік даму мәслелері бойынша тақырыптық сабақтар өткізу. Мұнда жүкті және бала емізетін әйелдерге тамақтандыру ережелері үйретіліп, массаж, гимнастика жасау тәсілдері туралы айтылады. Баланың жасына сай дамуы қадағаланады. Олардың есту қабілетін анықтау скринингін жүргізу шараларына байланысты жұмыстар да осы жерде өтеді. Мамамандар жас аналарға 6-айдан 12 айға дейінгі балаларды қосымша тамақтандырудың талаптары түсіндіреді. Емшек сүтінің маңызы мен оның ана мен бала денсаулығына пайдасы туралы ақпараттарды да аталған кабинет мамандарынан алуға болады.Садықова Ақбала Сембайқызы№3 қалалық емхана мейірбикесі
07 қыркүйек 2020 ж. 15