Ана сүтінің маңызы

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген «Балажан» қоғамдық қорының президенті Құрманғалиева Эльнар Амангелдіқызы №3 қалалық емхана ұжымымен кездесті.

Кездесу мақсаты - емізу ісін насихаттау, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту және аурудың алдын-алу шараларын жүзеге асыру ісіндегі емшекпен емізудің маңыздылығы туралы халықты ақпараттандыру деңгейін арттыру болып табылады.
Бұл шара ДДҰ ЮНИСЕФ-тің нәресте ауруы мен өлім-жітімін азайтуға және аналар мен балаларға медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдарына сәйкес бала емізу практикасын қорғау, қолдау және көтермелеу жөніндегі бағдарлама аясында өткізілді.
Бұл ең алдымен, емшек еметін жастағы балаларды емізудің ЮНИСЕФ пен ДДСҰ жасаған Жаһандық стратегиясын жүзеге асыру болып табылады. Аталмыш бағдарлама сәбилерді тамақтандыруды жақсарту, олардың өсуі мен дамуына, сондай-ақ денсаулығын нығайтуға бағытталған. Іс-шараның шеңберінде қолданылатын әдістер ерте жастағы және емшектегі балалардың өмірін сақтау көрсеткішін төмендетуге септігін тигізеді.
Ана сүтінің құрамында бала организмінде синтезделмейтін, алайда оның орталық жүйке жүйесінің және көру органдарының (ерекше май қышқылдары – арахидон және докозагексаен) қалыпты дамуына, сондай-ақ ішек микрофлорасы мен иммунитеттің (пребиотиктер- олигосахаридтер) қалыптасуына аса қажет ерекше компоненттер бар. Сондықтан да ана сүті бала өмірінің алғашқы жылында үйлесімді өсіп-жетілуіне аса қажет. Бірегей құрамының арқасында ана сүті емшек емізу кезеңінде баланы барлық қажетті заттармен қамтамасыз етіп қана қоймайды, сондай-ақ асқазан-ішек жолдары мен жүрек-қантамыр жүйесі патологиясының, аллергиялық және инфекциялық аурулардың асқыну қаупін, есейген шағында семіру және қант диабетіне шалдығу қаупін төмендете отырып, ұзақ уақыт бойы қорғайды. Сонымен қатар емшек емізу ана мен баланың арасында ұзақ уақыт бойы сақталатын тығыз эмоционалды байланыс орнатады.
Ана мен бала арасындағы байланыс (анасымен тығыз байланыстағы балаға қорғаныш сезімін беріп, тыныштандырады; тамақтандыру кезіндегі баланың анасымен қарым қатынасы баланың эмоционалды, әлеуметтік және физикалық дамуына көиегін тигізеді.) Толыққанды тағамдық заттар, микроэлементтер, витаминдер, ферменттердің бала организміне түсуін қамтамасыз етеді. Иммунологиялық қорғаныс пайда болады. IQ шкаласы бойынша интелект дамуының көрсеткішін жоғарылатады.  Отбасы үшін: қаражат (сүт қоспасы, тағам дайындау мен оны жылытуға энергия, құтылар, емізік, дәрі т.б.) пен уақыт үнемдейді.
07 қыркүйек 2020 ж. 16