Алғаш рет Денсаулық сақтау министрлігі ТМККК мен МӘМС дәрілер және медициналық бұйымдардың сатып алу тізімдерін қалыптастыру ережелерін бекітті

Алғаш рет Денсаулық сақтау министрлігі ТМККК мен МӘМС дәрілер және медициналық бұйымдардың сатып алу тізімдерін қалыптастыру ережелерін бекітті

26 наурызда ҚР денсаулық сақтау министрінің 2018 жылдың 31 қаңтарындағы, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында дәрілік заттар (ДЗ) және медициналық мақсаттағы бұйымдарды (ММБ) сатып алу тізімін қалыптастыру ережелерін регламенттейтін №39 бұйрығы қолданысқа енгізілді.

Тізім өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытындысы негізінде, ДЗ және ММБ қолдану тиімділігі, сонымен қатар фармакоэкономикалық талдау негізінде қалыптастырылады.

Тізім, клиникалық хаттамалар және қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды ескере отырып, 2015 жылғы 29 мамырдағы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 432 бұйрығымен бекітілген орфандық препараттар тізбесіне кіретін және (немесе) ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы ДЗ, ММБ және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы № 735 бұйрығымен бекітілген Ережелерге сәйкес тіркелген ДЗ және ММБ қалыптастырылады.

ДЗ және МТБ сатып алу тізімін қалыптастырудың негізгі аспектілері:
1) ҚР аурушаңдық және өлім-жітім құрылымында басым аурулар, синдромдар мен жағдайларда қолдану;
2) ҚР және амбулаториялық деңгейде басқарылатын аурушаңдық және өлім-жітім құрылымында басым ауруларда қолдану;
3) Жедел, стационарлық, стационарорынбасушы және амбулатория-емханалық жәрдем шеңберінде белгілі ауру немесе жағдайда басқа да дәрілік заттар және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдармен салыстырғанда дәлелденген клиникалық және (немесе) фармакоэкономикалық артықшылықтары;
4) Стационарлық, стационарорынбасушы, жедел медициналық және амбулатория- емханалық көмек көрсету аясында белгілі ауру немесе жағдайда әсері бірдей басқа дәрілік заттар және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдармен салыстырғанда дәлелденген клиникалық және (немесе) клиникалық- экономикалық эквиваленттілігі.

Бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын дәрілер тізімін бекіту құқығы уәкілетті орган- Денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі. Бұл нормативтік құжат дәрілік қамтамасыз ету саласында ресурстарды жоспарлау және басқару тиімділігі мен ашықтығын арттыруда маңызды қадам болып табылатын тізімдерді құрастыру тәртібін регламенттейді.


 
30 наурыз 2018 ж. 1 935