Қолды қалай дұрыс жуу керек?

Қолды жиі жуу – жұқпалы аурулармен күресу кезінде маңызды рөл атқаратын тиімді әрі қарапайым профилактикалық әдіс.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы мен өзге де медициналық ұйымдар өршіп тұрған COVID-19 коронавирусынан сақтану үшін қолды жиі тазалаудың маңызын бірнеше рет атап өткен болатын.
Бактерия мен вирустан құтылуы үшін қолыңызды жууға 20 секундтан кем емес уақыт жұмсаңыз.
Суық әлде ыстық су?
Бактерия мен вирус жоғары температурада өледі. Бірақ, ыстық суды жиі қолдану қол терісінің қабынуына алып келеді. Сол себепті мамандар адам өзіне ыңғайлы су температурасында қолын тазалаған жөн дейді.
Қолды қашан жуған дұрыс?
Дейін:
∎ Тамақ дайындау және тамақтану.
∎ Жанама линзаларды кию және шешу.
∎ Бет әрлеу алдында.
∎ Денедегі жараларды залалсыздандыру.  
Кейін:
∎ Түшкіру және жөтел.
∎ Әжетханадан соң.
∎ Жануарларды ұстағаннан соң.
∎ Тағам дайындағаннан кейін.
∎ Қоғамдық көліктен соң.
∎ Үй мен жұмыстағы тазарту жұмыстарынан кейін.
∎ Спортпен шұғылданған жағдайда.
∎ Ақшаны қолға ұстағаннан кейін.
 Коронавирус (COVID-19) сияқты респираторлық вирустар, адам ағзасына: көз, мұрын немесе тамақ арқылы құрамында вирусы бар шырыш немесе тамшылардың түсуі арқылы таралады. Көбінесе, қол арқылы. Қол - вирустың бір адамнан екінші адамға таралуының ең жиі кездесетін жолдарының бірі.
Сондықтан тиісті ережелерді сақтап, аурудың алдын алыңыз.
19 ақпан 2021 ж. 12