КЕРЕК КЕҢЕС!

Коронавирустан сақтанудың қарапайым ережелерін естен шығармаңыз!Ең алдымен әр адам жауапкершілікті өзінен бастап, мынадай санитарлық талаптарды сақтап жүрген жөн.- Қолды әр жарты сағат сайын 20 секунд бойы сабындап жуу.


  Микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі. Медициналық спирт те қолдануға жарайды. Егер спиртке аллергия бар болса, санитайзерді пайдаланыңыз;- Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз;- Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың "кіріс қақпасы" саналады;- Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз;- Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, той-томалақ, жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;- Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн;- Іссапардан бас тартып, әлем бойынша саяхатты шектеңіз;- Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз;- Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн;- Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз;- Бөлмені жиі желдетіңіз;- Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз;- Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз;- Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз;- Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.- Салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.

Айнұр Болатбек
N3 қалалық емхана мейірбикесі


30 наурыз 2021 ж. 11