Стационаралмастыру көмек көрсету бөлімшесі

Бөлім меңгерушісі - Базарбаева Гулдана Санибековна

Аға мейірбике – Атажанова Фариза Алтынқожақызы


       

       Емханадағы 40 төсек орынға шақталған күндізгі стационар диспансерлік есепте тұратын созылмалы аурулары бар науқастарды, жүктілік кезеңіндегі паталогиясы бар, туу жасындағы әйелдердің ауру сырқаттары бар  науқастарды жатқызуға, стационарлық тәртіпті қажет етпейтін жоспарлы науқастарды тексеру мен емдеу жүргізуге, амбулаториялық хирургия орталығында кіші инвазиялық оталарды жасау үшін ұйымдастырылған.  

    Күндізгі стационарға науқастар тексерілуге және емделуге аймақтық терапевт-дәрігерлерімен, педиатрларымен, басқа да мамандарымен іріктеліп, жіберіледі.  

      Күндізгі стационарда науқасқа керует-орын беріледі, физиотерапиялық ем жүргізеді (тоқпен емдеу, парафин, массаж) шұғыл жағдайларда  көмек көрсетуге арналған дәрілік заттары бар.

1 377