Хирургия саласы бойынша мамандандырылған көмек көрсету бөлімшесі

Хирургия саласы бойынша мамандандырылған көмек көрсету бөлімшесі емхананың халыққа мамандандырылған кеңес беру-диагностикалық, емдік көмек көрсету жөніндегі құрылымдық бөлімі болып табылады. Бөлімше қалалық емхананың бас дәрігері бекіткен жоспары мен кестесіне сәйкес қызмет етеді. 


Бөлім меңгерушісі - Искаков Бахыт Сейдуллаевич

Аға мейірбике - Кенжегулова Раушан Дурмановна, жоғары санатты мейірбике
  


Бөлімше міндеттері :

1 Тіркелген тұрғындарға жіті және созылмалы аурулар бойынша амбулаториялық жағдайда мамандандырылған көмек көрсету;  

2. Емханада амбулаториялық қабылдауда және денсаулық жағдайы мен аурудың сипаттамасына байланысты емханаға келе алмайтын науқастарға үйлерінде емдік-
диагностикалық көмек көрсету, көрсетілімдер бойынша ауруханаға жатқызу мәселелерін шешу; 

3. Емделушілердің емдеуін бекітілген МКБ-10 клиникалық хаттамаларына сәйкес және медициналық ғылым мен техника жетістіктері мен заманауи әдістерді пайдаланып жүргізу.

4. Ауруханаға жатқызу Бюро порталы арқылы науқастардың жоспарлы жатқызылуын жүзеге асыру;

5. Науқастардың медициналық реабилитациясын және денсаулығын қалпына келтіруін қамтамасыз ету;

6. Тұрғындар арасында бұқаралық ақпарат құралдарын, стендтерді, көрнекі ақпараттарды қолданып, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде және аурудың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

Кеңес
 беру-диагностикалық, емдік шаралар мына профиль бойынша жүргізіледі: 

  • Хирургиялық 
  • Урологиялық
  • Офтальмологиялық
  • Травматологиялық 
1 734