Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесі

Профилатика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі халыққа бөлімі халыққа аурудың алдын алу, профилактикалық тексерулері жүргізіледі. Әлеуметтік –психологиялық көмек көрсетеді және әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдеседі.

Бөлім меңгерушісі: Есетова Дана Маратқызы

Аға мейірбике: Әлиева Қасиет Оразқызы


Бөлімнің құрамы. Әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, СӨС дәрігері,дәрігерге дейінгі қабылдау кабинетінің медбикесі . Әлеуметтік қызметкерлер емханаға тіркелген халыққа арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді, жеке адамдар және топтардың әлеуметтік қызмет көрсетудегі мәселелерін анықтайды, сауықтыру үдерісіне халықты белсенді араластырады, қамқорлық пен қорғаншылықты бекіту, жәрдемақыларды тағайындау құжаттарын дайындауға интернат-үйлеріне анықтауға және басқа жәрдем түрлерін алуға көмектеседі. Психологтар психологиялық қызметтер көрсетеді, емханаға тіркелген халықпен психодиогностикалық, психокорекциялық, психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізеді. Психологтардын негізгі жұмыстары қаралушы тұлғасының дамуындағы ауытқуларды түзету мен психикалық денсаулықты жағдайларды анықтауға бағытталған.


Бөлімше міндеттері

. муниципальдық органдармен денсаулық сақтау, полиция халықтың жұмыспен қамтылуы мекемесімен қоғамдық және діни ұйымдармен бірігіп әлеуметтік медициналық көмекті қажет ететін азаматтарды анықтау және оларды тіркеу.

. егер мұндай жағдай болғанда киындыктарды шешіп,турмыс тарын өзгертуге әлеуметтік жәрдем көрсету

. денсаулык жағдайларын,өзіне-өзі қызмет ету мумкіндігін ескере отырып ,үйлерінде әлеуметтік медициналық қызметті қажет ететін азаматтарға нақты көмек турлерін анықтау

. қызметті дәрігерлермен,орта медициналық қызметткерлермен,психологтармен тыгыз байланыста болып жасау,аурулардың әлеуметтік , психологиялық жағын ескертіп, көмек беру.

. емделушінің медициналық және психологиялық реабилитациясына жәрдем көрсету,

. медициналық көмек алған кезінде емделуші қауіпсіздігінің жақсартылуына жәрдем көрсету,

. медициналық көмек алған кезінде емделуші қауіпсіздігінің жақсартылуына жәрдем беру, құқығының сақталуына бақылау жасау.

. бала мен жасөспірімдерді медициналық қызметімен қамту мен әлеуметтік қамқоршылыққа алу.

. азаматтарға үйлерінде әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік- психологиялық, әлеуметтік- құқықтық қызмет көрсету.

1. Тұрғындарды скринингтік тексерулерден өткізеді.

2. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізеді.

3. Денсаулық мектептері жұмыс жасайды.

4. Отбасын жоспарлау жәнеДені сау бала кабинеті және дені сау баланы күту, тамақтандыру, тәрбиелеу мәселелері бойынша жасаналарға теориалық және практикалық сабақтар өткізу.


Дені сау бала кабинетінің негізгі міндеттері

-Мұнда медициналық қызметкерлермен қатар балалардың ата аналары немесіе отбасында балаларға күтім көрсететін адамдарда білім алып дағдылана алады.

-Балалар денсаулығын қорғау бойынша алдын алу іс шараларын жүргізу, соның ішінде. Медициналық қызметкерлердің білімін үздіксіз жетілдіру.

-Балдырғандық және мектепке дейінгі шақтағы дені сау балалардың ерекшеліктері, баланы күту, тамақтандыру, тәрбиелеу мәселелері бойынша жас аналарға теориялық және практикалық сабақтар өткізу

-отбасында салауатты өмір салтын насихаттау.

-бала дамуындағы аурулар мен ауытқушылықтың алдын алу , гигиеналық тәрбие мәлелері бойынша ата – аналармен санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізу.


Әлеуметтік медициналық қызметтер

Әлеуметтік қызметкерлерге үлкен жұмыс жүктеледі, олар тек қана мүгедектерге қарттарға жалғыз бастыларға көп балалы отбасыларға маргиналды топтарға қызмет көрсетпей соымен қатар бөлімшеде өтетін іс шараларға кең масштабты акцияларға денсаулық мектептерінің жұмыстарына дәрістер ұйымдастыруға ашық есік күндерін өткізуге белсенді қатысады.

1.Қиынөмірлік жағдайға душар болған тұлғаның отбасының үй жағдайында денсаулығын оңалту іс шараларын жүргізу үшін медициналық психологиялық және әлеуметтік құқықтық білім негіздерін үйрету.

2.Ауыр науқастардың жалғыз басты қарт адамдардың мүгедектердің мүмкіндіктері шектелген тұлғалардың үйіне жиі барып көмек көрсету уй жағдайында бақылау патранаж бен әлеуметтік сүйемелдеу.


СӨС дәрігері денсаулық сақтау мектептерін жетекшілікке алады.
Барлығы 14 мектеп жұмыс істейді, мұнда біздің емхана емделушілері ғана емес, сонымен қатар емханаға тіркелген тұрғындар да денсаулығын жақсартып, демалады.


Дәрігерге дейінгі кабинет мына қызметтерді көрсетеді:
- алғашқы медициналық көмек;
- науқастарды қарау;
- жедел және шұғыл көмек;
- дәрігерге кезек күттірмейтін адамдарды анықтап жібереді


Психологтар мына қызметтерді жүзеге асырады:

·Емханада №361 бұйрық бойынша профилактикалық тексеруден өткізу

·«Жасыл дәліз» бойынша жүкті әйелдерді қарау

·Емхана тұрғындарына психологиялық кеңес беру

·Үйден мүгедек науқастарға психологиялық кеңес беру

·Дәрістер, семинарлар мен тренингтер өткізу

·Топтық сабақ жүргізу

·Психодиагностикалы, психопрофилактикалық, психокоррекциялық жұмыстар жүргізу

Психолог маманы психикалық денсаулықты қалпына келтіруге және науқастардың тұлғалық дамуындағы ауытқуларды түзетуге бағытталған жұмыстарды жүргізеді. Науқас тұлғасының үйлесімді дамуына кедергі келтіретін немесе оған қийындық туғызатын жағдайларды анықтайды.

Психопрофилактикалық, психокоррекциялық, психологиялық кеңес беру шараларын жүзеге асырып, науқастардың олардың туыстарының және медициналық қызметкерлердің тұлғалық,кәсіптік және тұрмыстық мәселелерді шешуіне көмектеседі.

Негізінде патопсихологиялық тетіктер мен патогендік мінез-құлық стереотиптері жатьатын психикалық бұзылыстардың қауіп факторлары бар тұлғаларға ерекше көңіл бөле отырып, психодиагностикалық зертееулер мен диагностикалық бақылауларды жүргізеді.

Емдейтін аймақтық дәрігермен бірге жеке басына, жынысына және жасына қатысчты факторларды ескере отырып, дамытушы және психокоррекциялық бағдарламаларды әзірлейді.

Емхана аймағына қатысты оқу орындарына профилактикалық тексеру жүргізу мақсатында оқушылардан сауалнама жүргізіледі.

2 995